Елордалық полицейлер 2022 жылдың қазан айынан бері халықаралық іздеуде болған 31 жастағы Ресей азаматын ұстады. Ер адам есірткі өндіргені үшін іздеуде жүрген, деп хабарлайды Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қолда бар мәліметтерге сәйкес, ер адам бұрын 2019 жылдың соңында ресейлік ең ірі Hydra даркнет-базары алаңында есірткі сататын дүкенді құрып, есірткіні жасырын орындар арқылы таратып отырған. Сондай-ақ ол Омбы облысының аумағында жалға алынған пәтерлерде есірткі өндірумен айналысқан.
Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторында өамауда отыр, және оны Ресейге экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр. Оқиғаның мән-жайы және тергеу амалдары құқық қорғау органдарының бақылауында.