Елордадағы хостелдердің бірінің қонақтары Ресейдің екі азаматын ұрып-соғып, тонап кетті, бұзақылар мас күйде болғаны хабарланды. Олар ұсталып, УҰИ-ге жеткізілді, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Астана қаласы ІІД мәліметінше, бірге уақыт өткізгеннен соң, ішінде Ресейдің екі азаматы бар жалға алушылар арасында төбелес болған.
Мигранттарды ұрып-соғып, ұялы телефондары мен ақшаларын тартып алған.
Екі күдікті ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, заттай дәлелдемелер алынды.