Астана қалалық ПД жаппай тәртіпсіздіктің жолын кескенін хабарлады


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/11/speech-43437-1669645181-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Астаналық полицейлер кезекті жаппай тәртіпсіздіктердің жолын кесті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Еске салайық! Сенбі күні, 20 қарашада өткен мерзімінен кезектен тыс сайлауда жеңіске жеткен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімі кезінде Астанада жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған. Бұл туралы бүгін, 27 қарашада қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметтің хабарлауынша, 26 қарашада кешкі уақытта Астанадағы түнгі клубтардың бірінде жастарға арналған мәдени-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылған. Оны ұйымдастырушы кәсіпкер 300-ге жуық жастарды жинаған.

«Жиын барысында ұйымдастырушы жиналғандарға көрінеу жалған ақпарат беріп, бейбіт жиналыстар өткізудің заңда белгіленген тәртібін бұза отырып, оларды өзінің жеке құқыққа қайшы мақсатына қол жеткізу үшін заңсыз шеруге шақырған. Арандату нәтижесінде қоғамдық тәртіп өрескел бұзылып, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымның толыққанды жұмыс істеуіне кедергі жасалған», — делінген ведомство хабарламасында.

Жиынға қатысушылар полицияның заңсыз әрекетті тоқтату туралы талабын ескермей, дауыс зорайтқышты қолданған, ұйымдастырушының шақыруымен тәртіпті бұзуды жалғастыра берген.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция заңсыз әрекеттердің жолын кесу шараларын қабылдауға мәжбүр болды. Бұл ретте заңсыз шеруге қатысушылар қызметкерлерге бағынбай, қарсылық көрсетті.

«Қазіргі уақытта кінәлі адамдар анықталып, полицияға жеткізілді. Олардың іс-әрекеттеріне белгіленген тәртіппен құқықтық баға беріледі», — делінген хабарламада.

 

Добавить комментарий