Астанаға 11 елдің президенті ұшып келеді

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі 12-13 қазанда Астанада өтетін АӨСШК саммитіне қатысу үшін 11 мемлекеттің басшылары елге келетінін хабарлады.

Аталған кезең аралығында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) саммитін, ТМД саммитін және «Ресей — Орталық Азия» саммитін өткізу жоспарланған.

«АӨСШК саммитіне 11 елдің президенті келеді. Олар Әзірбайжан, Ирак, Иран, Катар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан. Вьетнам вице-президент деңгейінде, Қытайдан — ҚХР төрағасының орынбасары келеді», — деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Астанада өткен брифингте.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Беларусь президенті Александр Лукашенко АӨСШК-ге бақылаушы мемлекет ретінде қатысады жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, ТМД саммитіне Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан көшбасшылары қатысады.

Ресей президенті Владимир Путин саммиттерге қатысу үшін Қазақстан астанасына ұшып келеді, деп хабарлады брифинг барысында Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның мәліметі бойынша, 11 мемлекеттің басшылары Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) саммитіне қатысады.

Добавить комментарий