Беларусь: Мария Колесниковаға айып тағылды

Шетелдік БАҚ-тан белгілі болғандай, Беларусьте беларустық оппозиция жетекшілерінің біріне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды.

Беларусь оппозициясының Үйлестіру кеңесі төралқасының мүшесі Мария Колесниковаға Беларусь Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша айып тағылды: қоғамдық қауіпсіздікке қарсы іс-қимылға шақыру (361-б. 3-б.), билікті басып алу мақсатында қастандық жасау (357-б. 1-б.), экстремистік құрылым құру (331-1-б. 1-б.).

Ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

2020 жылдың желтоқсанында Беларусь Бас прокуратурасы Колесникова мен басқа да оппозиционерлерге қарсы экстремистік құрылым құру бабы бойынша қылмыстық іс қозған болатын.

Бұған дейін Үйлестіру кеңесі төралқасының тағы бір мүшесі және Колесникованың адвокаты Максим Знакке де осы үш бап бойынша айып тағылған.

Колесникова Бабарико штабының жетекшісі болды, ал сайлаудан кейін Беларусь оппозициясының Үйлестіру кеңесінің төралқасының құрамына кірді.

Добавить комментарий