Синоптиктердің мәлімдеуінше, 2022 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан аумағында ашық және аязды ауа райы сақталады.
Қазгидрометтің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігіне кең ауқымды антициклон әсер етеді, соның әсерінен жауын-шашынсыз ашық ауа райын сақтап қалады.
Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында атмосфералық фронталдық бөліктердің өтуімен қар жауып, көктайғақ болады деп күтілуде.
Республиканың оңтүстігінде жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста — тұман басады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 28-30, күндіз 18-20 аяз болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 3-5 аяз болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, кей жерде қар жауады. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 4-6 аяз болады.