АШМ басшысы 2022 жылғы егін жинау болжамын айтты


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/08/speech-37109-1661255882-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі 2022 жылғы егін жинау болжамы туралы айтты. Ол өз мәлімдемесінде өңір әкімдерінен алынған мәліметтерді келтірді.

Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биылғы егін жинау бойынша болжамы туралы айтты.

Облыстар әкімдіктерінің деректеріне сәйкес дәнді дақылдардың жалпы жиналымының болжамды көлемі 18,3 млн тонна болады, оның ішінде бидай 13,4 млн тоннадан асады деп күтілуд, — деді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

Бұдан басқа, республикада 3,1 млн тонна көлемінде ауыспалы астық қалдығы, оның ішінде 2,5 млн тонна бидай бар.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы ауыспалы қалдықтарды ескере отырып, жалпы астық жинаудың күтілетін көлемі республиканың ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз ету, сондай-ақ астықтың белгілі бір көлемін экспортқа шығарып, тиісінше дәстүрлі нарықтарымыздағы сауда позицияларымызды сақтау үшін жеткілікті екендігіне сендірді.

Добавить комментарий