NCOC консорциумы «Caspiy Ak Zhelken мердігер компаниясының қызметкері кенеттен қайтыс болғанын және оның өндіріске қатысы жоқ» екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, 8 ақпанда Теңіз кен орнында вакуум машинасының цистернасы жарылды. Атырау облысы ПД «еңбекті қорғау ережелерін бұзу салдарынан» 1993 жылы туған жұмысшы қаза тапқанын хабарлады. 1992 жылы туған тағы бір жұмысшы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
3 ақпанда Қызылорда облысындағы мұнай компаниясының екі қызметкері қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, олар белгісіз заттан улану салдарынан туындаған жүрек жетіспеушілігі салдарынан қайтыс болды. Қылмыстық іс ҚК-ның 304 бабы «Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бабы бойынша тіркелді.