Асқар Мамин ұзақ жиналыстарды ұнатпайтынын айтты

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин күн сайын таңертең ерте оянатынын және ұззаққа созылатын жиналыстарды ұнатпайтынын айтты.

«Барлық іссапарымда, қайда барсам да спорттық формамды қалдырмаймын. Барлық жерде мүмкіндік болса, күнделікті спортпен айналысуға тырысамын», — деді Мамин журналистермен кездесуде.

Премьер сағат 07:15-те ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтан баяндама алады.

«Күнде таңертең ол менен бұрын келеді. Оның баяндамасынан кейін төтенше жағдайлар министрі Ильинмен сөйлесемін. Ол да менен бұрын келіп, ақпарат алады. Мен министрлерге, орынбасарларға мынандай уақытта кел деп ьалап етпеймін. Әркім өз кестесі бойынша келеді. Мен бұл тұрғыдан талап қоймауға тырысамын. Әрқайсысы өз кестесіне орай келіп, жүктемесіне байланысты жұмыс істейді», — деді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, премьердің жұмыс күні таңертеңнен қас қарайғанға дейін созылады.

«Күн тез өтеді. Түрлі кездесулер мен жиналыстар көп болады, бірақ мен ұзаққа созылатын жиналыстарды ұнатпаймын. Егер байқасаңыз, үкімет отырысы бір сағаттан артық өтпейді. Үкімет отырысының күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау үшін көп дегенде бір сағат өтеді. Сондықтан 9-дан 10-ға дейін біз әр сейсенбі үкімет отырысын өткіземіз, кейін әркім жұмысына кіріседі. Бұл әкімдер үшін өте қолайлы.

Олар өз кестелері бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік болады. Олар осыны юілген соң, өз кестелерін түзе алады. Ережені бәрі біледі — бір сағаттан асауы керек, 45 минут. Ал егер артық әңгімесіз, тезірек аяқтауға мүмкіндік болса, онда тіпті керемет. Сондықтан бізде жұмыс форматы осындай», — деп түйіндеді сөзін үкімет басшысы.

Добавить комментарий