Қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы колонияда жазасын өтейтін болады

Ақмола облысында қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы мен оның серіктестері сотталды.

Ақтөбе қаласында күмәнді Unnity Corporation компаниясы бес жыл бұрын өз қызметін бастаған. Бүгін оны құрушы, көмекшілерімен бірге сот алдына келді.

31 жастағы ақтөбелік Қуаныш Жақсыбаев жарнама жариялап, бірегей Appport қосымшасын әзірлегенін, сол арқылы тез байып кетуге болады деп сендірген.

Схема қарапайым және бұрыннан белгілі: серіктеске 350 мың теңгеге дейін инвестиция салу және артынан адам тарту ұсынылды. Салымшы неғұрлым көп «компаньон» жинаған сайын, оған соншалықты көп бонус түседі деп уәде етілген. Нәтижесінде 3000-ға жуық адам пирамиданың қармағына іліккен. Көбісі артынан кірісін көбейтіп аламыз деген үмітпен несие алған. Бірақ ойлағандары болмады. Жалпы миллиард теңгеден астам материалдық зиян келтірілді.

«Керемет» әзірлеме ойлап тапқаны үшін Жақсыбаев 6,5 жылға сотталды. Оның көмекшісі Бақыт Жұмабаев бір жыл кем мерзімге бас бостандығынан айырылды. Тағы сегіз көмекшісы бес жыл колонияда жазасын өтейтін болады.

Добавить комментарий