Қазақстанда заң бойынша қудаланатын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет жасағаны үшін күдікті деп танылған “L-Капитал” компаниясының 59 жастағы негізін қалаушы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Компания салымшыларының ұжымдық арызына сәйкес, Алматы ПД ТБ ҚР ҚК 217-бабы 3-тармағы (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Компания кеңселерінде санкцияланған тінту жұмыстары жүргізілді. Толықтық, объективтілік және жан-жақтылық принциптерін қатаң сақтай отырып жүргізілген тергеу әрекеттерінің кешені барысында мән-жайлар анықталып, процессуалдық шешім қабылданады», — деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.
Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде 50 адам танылған. Бұған дейін компания кеңсесінде тінту жүргізілген болатын.
“L-Сapital” қарапайым және артықшылыққа ие акцияларды шығаратын эмитент болып табылады. Қызметтің негізгі түрлері — консультациялар, инвестициялар, сонымен қатар тікелей инвестицияларды тарту саласындағы делдалдық (ақпарат компанияның сайтынан алынған).