Қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты үкім шығарылды

Алматыда аудандық сот қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Олар қаржы пирамидасын құрып, оның филиалдарын Қазақстанның бірнеше қаласында ашты.

Қаржы пирамидасы Шымкент, Түркістан, Астана, Қарағанды, Тараз, Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Өскемен қалаларында жұмыс істеген.

Алаяқтық схемаға сәйкес, олар табысы жоғары азаматтарды тартқан. Салымшыларға жоғары сыйақы беруді уәде етіп отырған. Қаржы пирамидасы 2017 жылдан бері әрекет етіп келеді. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 6,1 млрд теңгені құрады.

Сот шешімімен 15 сотталушы коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысуға 5 жылға шектетіле отырып, оларға қауіпсіздік мекемелерінде 6 жыл 2 айдан 6 жыл 8 айға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Тағы бір сотталушыны қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде тоғыз айға бас бостандығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Добавить комментарий