Қаржы пирамидасы тұрғын үй кооперативі түрінде азаматтарды алдаған

Қазақстанда қаржы пирамидасы тұрғын үй кооперативі түрінде азаматтардың қаражатын тартқан.

Солтүстік Қазақстан облысында қаржы пирамидасы анықталды, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметі.

«Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Тұрғын үй кооперативі түріндегі ұйым ҚР аумағында, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында азаматтарға табысына қарамастан тұрғын үй сатып алуға жалған көмек көрсету мақсатында қаржылық қызметті жүзеге асырған», — делінген сейсенбі күні таратылған хабарламада.

Тергеу мәліметтері бойынша, қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджері арқылы «Шаңырақ +» бағдарламасы аясында ипотекалық қарызға балама ұсына отырып, жеке тұлғаларды тартып отырған.

«Бағдарламаға қатысу үшін 103 доллар салып, жаңа салымшыларды шақыру қажет болды. Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында компания филиалдарынан баспа өнімдері, буклеттер, компания қызметі туралы ақпараты бар брошюралар, шарттар, тізімдер және салымшылар бойынша ақпарат анықталып, тәркіленді», — деп толықтырды ҚМА.

Добавить комментарий