Қаржы министрі Қазақстанда сән-салтанат салығын өзекті емес деп атады

Қазақстанның Қаржы министрі Қазақстандағы сән-салтанат салығын өзекті емес деп санайтынын мәлімдеді.

Бұл туралы ол Мәжіліс алаңында айтты.

«Иә, сән-салтанат салығын енгізу мәселесі екі-үш жыл бұрын қаралған болатын. Бұл мәселені әрі қарай пысықтайтын боламыз. Әзірге бұл мәселеде өзектілік жоқ. Біз нақты ұсыныстар енгізгенше қарастырып, талқыладық», — деді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Оның айтуынша, еліміздегі салық-кеден саясатына Ұлттық экономика министрлігі қадағалайды.

«Ненің байлық, ненің супер байлық екенін анықтау қажет. Қандай сомадан (салық – ред. ) және қандай мөлшерде төлеу қажет», — деді Қазақстан Қаржы министрлігінің басшысы.

Добавить комментарий