Ғарышкер ХҒС-да түсірілген фильмге қатысты пікір білдірді

Ресейлік ғарышкер Олег Новицкий ғарышта кино түсіруге деген тайталас басталуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.

«Мен бұны ғарышта кино түсіруге деген жарыс деп айтпас едім. Біз тек өз жұмысымызды орындадық. Экипажымызбен осындай қызықты миссия орындап, фильмнің түсіріліміне қатысып, жақсы фильм түсіруге көмектесу көңілімізден шықты. Бірақ бұны сайыс деп айтпас едім», — деді Новицкий «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы, Бірінші канал және Ғарышкерлерді даярлау орталығымен бірлесіп өткен онлайн-форматтағы конференция барысында қойылған сауалға жауап бере отырып.

Актриса Юлия Пересильд пен режиссер Клим Шипенко ХҒС бортында тарихта тұңғыш рет ғарышта көркем фильм түсірді. «Вызов» атты ғарыштық драма — ғарышкерді құтқару үшін орбитаға ұшатын әйел дәрігер туралы болады Актриса мен режиссер орбитада 12 тәулік өткізді. Олег Новицкий 9 сәуірден бері ХҒС-де жүр.

Фильм Роскосмостың, Бірінші арнаның және Yellow, Black and White студиясының бірлескен жобасы болып табылады. Түсірілімге ресейлік ғарышкерлер — Олег Новицкий, Антон Шкаплеров және Петр Дубров та қатысты. Шкаплер мен Дубров 2022 жылдың көктеміне дейін ХҒС-де болады.

Фото: Ресейлік ғарышкер Новицкий ХҒС-те фильм түсірілгеннен кейін ғарышта кино түсіруге жарыс болмайтынын мәлімдеді

Добавить комментарий