Арыста сары фосфор тиелген вагонның өртену фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде
Арыс қаласында вагонның өртеніп кету фактісі бойынша осы жылдың 6 тамызында Арыс станциясындағы Желілік полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1-бөлігі (Темір жол көлігін пайдалану және қозғалыс ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, — деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін аудан әкімдігі фосфор тиелген екі контейнердің өртенуіне байланысты жақын маңдағы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында эвакуациялау жүргізіп жатқаны хабарланған болатын.