Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінде болған өрттен төрт адам қаза тапты. Олардың барлығы дүкеннің қызметкерлері болғаны хабарланды.
Еске салайық! 3 қыркүйекте Қостанайдағы «Оружейная палата» дүкенінде өрт шығып жарылыс болды, оқиғаның егжей-тегжейі қаза тапқан төрт қызметкердің есімі жарияланды.
Дүкен әкімшілігінің мәліметінше, жарылыс туризмге арналған бөлімде болып, қатты өрт шыққан. Ғимараттың шатыры мен қабырғалары құлады. Ғимарат толығымен жанып кетті.
«Аңшылыққа арналған ұнтақталған оқ-дәрі де, дүкеннің басқа тауары да мұндай қуатты жарылысқа себеп болмағаны анық. Бүгінде оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — делінген дүкеннің Instagram-дағы мәлімдемесінде.
Дүкеннің төрт қызметкері қаза тапты:
Ефимов Юрий Дмитриевич, сатушы-кеңесші,
Кравченко Вячеслав Викторович, қару-жарақ шебері,
Мырзабеков Темірлан Ержанұлы, сатушы-кеңесші,
Неводничий Александр Борисович, сатушы-кеңесші.
Авариялық-құтқару жұмыстары 15 сағатқа созылды. Сегіз адам зардап шекті. Дүкенге келген бес адам, сатушы-кеңесші және кассир амбулаториялық деңгецде ем қабылдап жатыр. Дүкен директоры ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр.
Дүкенде қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету үшін қаражат жинай бастады. Қаза тапқан үш адамның артында кішкентай балалары қалды.
Қостанай қаласындағы «Оружейная палата» қару-жарақ дүкенінде болған жарылысқа оқ-дәрінің тұтануы себеп болған, ол дұрыс тасымалданбаған және жарылыс орын алған дүкеннің жертөле бөлмесінде сақталған, деп хабарлады Бас прокуратура. Тергеу анықтағандай, дүкеннің басшысы оқ-дәрі өткізуге рұқсаты болғандықтан, оқиға қарсаңында Қарағанды облысынан «Сокол» маркалы 40 килограмм оқ-дәріні кейіннен өлшеп орау және сату үшін…
Сонымен қатар, әкімдік Suiikti Qostanai қоры арқылы қаражат жинауды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Қостанайда қару-жарақ дүкеніндегі өрт кезінде үйлерін жанып кеткен адамдарға 14 қыркүйекке дейін 220 000 теңгеден төленеді, деп хабарлайды «Наша газета». Қостанай әкімі Марат Жүндібаев зардап шеккендермен кездесуде қаражатты заңға сәйкес халықты әлеуметтік қорғау бөлімі арқылы төленетінін түсіндірді. Басылым…
БАҚ: Мәскеудегі дүкендердің бірінде қатты жарылыс болды Мәскеуде Адмирал Ушаков бульварындағы «Перекресток» дүкенінде жарылыс болды. Қатты жарылыс пен өрт шыққаны туралы хабарланды. Қолда бар ақпарат бойынша, барлық адамдар эвакуацияланды. Куәгерлер қатты түтін шыққанын айтып отыр. Жарылыс орнында түсірілген кадрлар желіде жарияланып жатыр. Видеода дүкен көпқабатты үйге жақын орналасқан тұрғын алабындағы…