Артур Ластаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл болды


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/12/speech-45501-1672309597-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына Артур Ластаевтың кандидатурасын ұсынды.

Сенат депутаттары Артур Ластаевтың кандидатурасын қолдады.

Артур Ластаев 1983 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген.

2006 жылы Алматы қаласы прокуратурасының Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі болды. Сондай-ақ Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінің бөлім меңгерушісі болды.

Бас прокуратураның өкілі — Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігінің кеңесшісі.

2018-2022 жылдары Бас прокуратураның Еуропадағы өкілі — Қазақстанның Швейцариядағы елшілігінің кеңесшісі болды.

2022 жылдан Бас прокуратураның Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы.

2022 жылғы 29 желтоқсанда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Парламенті Сенатының отырысы өтті.

Добавить комментарий