Қарттар үйінің басшысы қаражат жымқырды деген күдікпен қамауға алынды. Нақты қанша қаражат жымқырғаны хабарланбаған.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті қарттар үйі тұрғындарының зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр
Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша Қарағанды облысындағы қарттар үйінің меңгерушісі және әлеуметтік қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қарағанды облыстық соты қарттар үйінің басшысына қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
ҚМА Әлеуметтік нысанда 90 адам қамқорлыққа алынған, оның 30-ы — мүгедек, 60-ы — зейнеткер бар екенін атап өтті.