«Астана» футбол командасының бас бапкері «Қайрат» қарсы өткен футбол матчынан кейін дисквалификацияға қатысты пікір білдірді.
«Астана» командасының бас бапкері, «Спартак» пен Ресей құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Андрей Тихонов Қазақстан футбол федерациясы БТК-ның екі жылға шеттету туралы шешімінеқатысты пікір білдірді.
Менің төрешіге көңілім толмады. Қарсыластар бірнеше рет ойын тәртібін бұзды, бірақ төреші бұған мән бермеді. Кейбір ойыншылар қызбалыққа салынды. Мен жағдайды өте жақсы түсіндім, дегенмен жігіттер ашуға берілді, — дейді Тихонов.
Естеріңізге сала кетейік! Тихоновты «Қайратпен» қарсы ойын кезінде команданы жасыл алаңнан алып кеткені үшін жазаланды. Жаттықтырушы төрешіге көңілі толмады. Алайда, бірнеше минуттан кейін «Астана» футболшылары алаңға қайта оралып, ойын жасғаты. «Астана» командасы «Қайраттан» 0:1 есебімен жеңілді.