Шахтинск ауруханасына зардап шеккен төрт адам жатқызылды, сондай-ақ бесінші жұмысшының денесі табылды. Оқиға орнына көмек көрсету үшін Қарағандыдан мамандар келді.
Зардап шеккендерге алдын ала қойылған диагноз — метанмен улану. Екеуі Қарағандыдағы Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың токсикологиялық бөліміне ауыстырылды. Уланудан басқа әртүрлі дәрежедегі жарақат алған екі адам Шахтинск ауруханасында қалды.
«Консилиум өткізу үшін Мақажанов ауруханасының мамандарынан – екі нейрохирург және екі реаниматологтан құралған санавиация бригадасы келді», — деп атап өтті басқармадағылар.
3 қарашаға қараған түні бұрғылау жұмыстары кезінде Ленин атындағы шахтада газ шықты. Оқиға орнынан 160 шахтер эвакуацияланды.