Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға 1,2 млрд теңгеден астам сомаға айыппұл салды. Бұл 2019 жылға корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын төмендеткеніне байланысты.
Камералдық мониторинг жүргізу барысында мемлекеттік орган нақты есептелген салық сомасы мәлімделген аванстық төлемдерден 20%-дан артық болғанын анықтады.
Осы жылдың наурыз айында Қарағанды облыстық соты «АрселорМиттал Теміртау» АҚ апелляциялық шағымын қарағаннан кейін Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР ӘҚБтК-нің 278-бабының 3-бөлігі бойынша айыппұл сомасына әкімшілік материал толтырды. Сонымен қатар, 2022 жылдың қараша айында департамент 2017 жылы осындай бұзушылықты анықтап, компаниядан 1,3 млрд теңге сомасында айыппұл өндіріп алды.
Бұған дейін ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің хабарлағандай, 2022 жылы «АрселорМиттал Теміртауда» өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында шамамен 2 мың заң бұзушылық анықталды.