«АрселорМиттал Кривой Рог» жұмысын уақытша тоқтататынын жариялады

«АрселорМиттал Кривой Рог» металлургиялық комбинаты Ресейдің энергетикалық инфрақұрылым нысандарын жаппай зымыранмен атқылауынан туындаған электрмен жабдықтау тапшылығы салдарынан жұмысын уа0ытша тоқтататынын мәлімдеді.

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Қолда бар электр энергиясының көлемі өндірісті қуаттылықты 20% деңгейінде ұстап тұру үшін жеткіліксіз. «АрселорМиттал Кривой Рог» болат балқыту мен прокат өндірісін уақытша тоқтатты», — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда №№5, 6 кокс батареялары ғана жұмыс істейді. Тағы екі кокс батареясы (№№ 3, 4) және №6 домна пеші ыстық консервация режимінде.

Кәсіпорын мен ТБК фабрикасының екі карьері де тоқтан ажыратылған күйде қалып отыр.

«Шахтаның токтан ажыратылуына салдарынан жер астында қалған 106 шахтер аман-есен шығарылды», — деп толықтырды компания өкілдері.

Кәсіпорын энергетикалық инфрақұрылым қалпына келтірілгеннен кейін бірден қалыпты жұмыс режиміне қайта оралуды жоспарлап отыр.

Добавить комментарий