Арнайы қызметтер Алматы мәслихатының депутатын ұстады

Алматыда қалалық мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген ұсталды.

Алматыда мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы қаласының прокуратурасы ақпаратты растады. Ресми хабарлама кейін хабарланады.

Қайрат Құдайберген 1983 жылы 25 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Еңбек өтілі:

«DAMU» кәсіпкерлікті дамыту қорында жұмыс істеді (2004).
ҚазҒЗИ (ҚР Әділет министрлігі) жетекші сарапшысы.
ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық мектеп директорының орынбасары.
«Данабанк», «Қазақалтын», «HSBC Банк Қазақстанда» түрлі қызмет атқарды.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде ҚР Президентінің ротациясы аясында жұмыс істеді («Өңірлерге жас кадрлар»).
Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары.
ҚР Президенті Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің бақылау секторының меңгерушісі.
«SC Stroy Contract» Corporation құрылыс корпорациясының бас директоры (2011-2014).
«Q3 Kidwide» инвестициялық холдингінің иесі (құрылыс, инновациялық технологиялар, басқару менеджменті және т.б.).

Алматы қалалық мәслихат депутаты ұсталып, Уақытша ұстау изоляторына қамалды

Басқа да лауазымдары:

«Студенттік құрылыс жасағы» РҚБ қамқоршылық кеңесінің мүшесі.
KIMEP UNIVERSITY көшбасшылар форумының лекторы және құрметті мүшесі.
ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты істері жөніндегі кеңестің мүшесі.

Сайланған лауазымы, депутаттық:

Алматы қаласы мәслихатының депутаты (с 25.03.2018).

7 қаңтарда Алматыда Жабайы Арман деген лақап атымен танымал криминалды авторитет ұсталды. ҚР ІІМ Жұмагелдиевпен бірге қылмыстық топтың бес мүшесі ұсталғанын хабарлады.

Добавить комментарий