Атырау облысы ІД баспасөз қызметінде кезекті операция барысында ата-аналардың өз міндеттерін бұзғаны анықталып, нәтижесінде олардың балалары бейімдеу орталығына жіберілгені туралы айтылды.
«Кәмелетке толмағандар балаларды бейімдеу орталығына жіберудің себептері әртүрлі, бірақ көбінесе ата-аналар оларға көңіл бөлмейді. Түнгі уақытта 24 жасөспірім заңды өкілдерінің қадағалауынсыз жүрген, анасының жеке куәлігі мен тұрақты тұрғылықты жерінің жоқтығы үшін 2 жасөспірім, ата-анасының бала тәрбиесімен айналыспағаны үшін 6 жасөспірім орталыққа орналастырған.
Тағы 3 баланың ата-анасы ащы суға бейім болғаны үшін үйінен кетуге мәжбүр болды, 1 баланың анасы наркодиспансерде емделуіне байланысты , 2 баладан ата-аналары мен қамқоршылары тәрбиелеуден бас тартты. 4 баланы үйде ата-аналары ұрып-соққаны үшін орталыққа түсті, ал тағы бір баланы Ақтаудағы девиантты балаларға арналған мектеп-интернатқа рәсімдеу үшін құжаттар жиналды», — деп хабарлады аймақтың ПД баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік! Қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция қызметкерлері «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында заңды өкілінің қадағалауынсыз Шымкенттен таксимен келіп, Атырауда көше кезіп жүрген баланы анықтады.