Арменияда ресейлік әскери қызметші өлі күйінде табылды

Ресей Қорғаныс министрлігі Оңтүстік әскери округінің баспасөз қызметі Армения аумағында бір әскери қызметшінің қайтыс болғаны туралы хабарлады.

«Әскери қызметшінің денесі тұрғылықты жері әскери бөлімнің аумағынан тыс жерде өлі күйінде табылды”, — делінген хабарламада.

Мамандар денені тексеріп, зорлық-зомбылық, күш көрсету белгілерін анықтаған жоқ. Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр, оқиғаның алдын ала болжамдары баспасөз қызметінде айтылмаған. Тергеуді Ресей әскери базасы қолбасшылығының комиссиясы құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізуде.

Шілде айында армян Гюмри базасында қызмет еткен ресейлік басқа келісімшартшының қайтыс болғаны туралы хабарланған болатын. 20 жастағы Ресей азаматының мәйіті өз пәтерінің жатын бөлмесінен табылды. Оқиға орнынан хат табылды. Осы фактіге қатысты өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеудің егжей-тегжейі жария етілмейді.

Гюмри базасында қызмет өткеріп жүрген ресейлік әскерилер Қарабақ қақтығысына және қазір аймақтағы РФ Қарулы Күштерінің бітімгершілік миссиясына қатыспады.

Добавить комментарий