Армения ҰҚШҰ әскери оқу-жаттығу жиындарына қатыспайтынын хабарлады

Армения Қорғаныс министрлігі Әзірбайжанмен шекарадағы жағдайға байланысты Қазақстанда өтіп жатқан ҰҚШҰ әскери оқу-жаттығу жиындарына қатыспайтынын хабарлады.

«Әзірбайжанның армян-әзірбайжан шекарасындағы агрессивті әрекетінің нәтижесінде қалыптасқан жағдайды назарға ала отырып, АР Қорғаныс министрлігі АР Қарулы Күштерінің алдына қойылған міндеттерді ескере отырып, ҰҚШҰ шеңберінде Қазақстанда өткізілетін оқу-жаттығу жиындарынан қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдады», — делінген Армения қорғаныс министрлігінің басылымның сауалына берген жауабында.

26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында 2022 жылғы 26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Жамбыл, Алматы облыстарында ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Өзара іс-қимыл-2022», «Іздеу-2022», «Эшелон-2022» оқу-жаттығулары өтеді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

ҰҚШҰ құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Армения, Беларусь және Тәжікстан кіреді.

Бұған дейін Армения Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Армен Григорян ҰҚШҰ-ның Әзірбайжанмен қақтығысқа қатысты реакциясына реніш білдірген болатын. Ереванда наразылық білдірушілер елдің ҰҚШҰ-дан шығуын жақтады.

Добавить комментарий