Армения ҰҚШҰ оқу-жаттығуларын өткізуден бас тартатынын мәлімдеді

Армения билігі биыл ҰҚШҰ-ның оқу-жаттығуларын өткізуден бас тартып, қалыптасқан жағдайда оларды өткізу орынсыз деп мәлімдеді.

Бұл туралы елдің Премьер-Министрі Никол Пашинян 2023 жылғы 10 қаңтарда өткен баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді.

«Армения Қорғаныс министрі Армения аумағында қалыптасқан жағдайда ҰҚШҰ оқу-жаттығуларын өткізу орынсыз деп санайтынымыз туралы жазбаша түрде ҰҚШҰ-ның біріккен штабын жазбаша түрде хабардар етті. Сондықтан, биыл мұндай оқу-жаттығулар өткізілмейді», — деді Никол Пашинян.

Бұған дейін Ресей Қорғаныс министрлігі РФ Қарулы Күштерінің жаяу әскерлері 2023 жылы РФ полигондарында өтетін сегіз халықаралық жаттығуға қатысатынын хабарлады. Министрліктегілер нақтылағандай, Құрлық әскерлерінің ресейлік әскери қызметшілері Армения аумағында өтетін «Мызғымас бауырластық — 2023» ҰҚШҰ бітімгерлік контингенттерінің оқу-жаттығуларына қатысатын болады.

Добавить комментарий