Ресей үшін проблема: Еревандағы коньяк зауыты өз өнімдерін РФ-ға жеткізуді тоқтатады.
Францияның Pernod Ricard компаниясы Ресейге экспортты тоқтатады: Ереван коньяк зауыты жеткізуді тоқтатады.
Францияның Pernod Ricard компаниясына тиесілі Ереван коньяк зауыты Ресейге өз өнімін экспорттауды тоқтататынын жариялады, деп хабарлады Армения экономика министрі Ваан Керобян.
Армения парламентінің экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиясының отырысы барысында Керобян: «Мен әзірге ресми ақпарат алған жоқпын, бірақ, менің ойымша, бұл ресми шешім — Ереван коньяк зауыты Ресейге экспортты тоқтатады. Бұл мәселе жергілікті фермерлерден жүзім сатып алуға әсер етеді».
Ресей Ереван коньяк зауыты үшін негізгі нарық болған, экспорттың 80%-дан астамы аталған елге тиесілі.
Бұған дейін Францияның Pernod Ricard концерні 2023 жылдың сәуір айында Ресейге алкоголь экспортын тоқтатқаны хабарланған болатын. РФ-ға өз өнімін сатуды толық тоқтату үшін компанияға бірнеше ай қажет.
Pernod Ricard компаниясының портфелінде Chivas Regal, Jameson, Ballantine ‘s вискиі, Absolut арағы, текила Olmeca, Havana Club ромы, Mumm шампаны және Perrier Jouet сияқты танымал маркалар, сондай-ақ Ararat коньягі бар.