Армения премьер-министрі Никол Пашинян жұма күні Франция президенті Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесу барысында Таулы Қарабақтың өзін-өзі айқындау құқығын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл туралы армян үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Пашинян Макронды Таулы Қарабақтағы соғыс қимылдарының дамуы туралы хабардар етті. Франция басшысы РФ президенті Владимир Путиннің және ЕҚЫҰ-ның Минск тобының 8 қазандағы шақыруы аясындағы қақтығысты реттеу бойынша бейбіт келіссөздер жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Франция Президенті РФ басшысымен тікелей байланыс орнатып отырғанын айтты. Армения Премьер-Министрі Таулы Қарабақтың өзін-өзі айқындау құқығын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті», — делінген хабарламада.
Таулы Қарабақтағы жағдай 27 қыркүйекте шиеленісіп кетті. Әзірбайжан мен Арменияда соғыс жағдайы енгізілді, жұмылдыру жарияланды. Екі тарап қаза болғандар мен жараланғандар туралы, оның ішінде азаматтық тұрғындар да бар деп хабарлайы.
Баку мен Ереван арасындағы Таулы Қарабақтағы жер дауы 1988 жылдың ақпан айынан бастап, Әзірбайжан КСР құрамынан шығатынын жариялаған уақыттан бері дауласып келеді. 1992-1994 жылдардағы қарулы қақтығыс барысында Әзірбайжан Таулы Қарабақ пен оған іргелес жеті ауданды бақылауынан жоғалтып алды.