Таулы Қарабақтағы соғыс салдарынан Армения 2020 жылғы 29 қарашада Варшавада өтетін «Балалар Евровидениесіне» қатысудан бас тартты.
«Біз олардың кету себептерін түсінеміз, бұл біз үшін өте өкінішті жаңалық және олардың орны білінетін болады. Біз олардың 2021 жылы оралуын асыға күтеміз», — деп атап өтті ол.
18-ші байқау 2020 жылдың 29 қарашасында Варшавадан тікелей эфирде өтеді. Байқауға қатысушылардың әндері Балалар Евровидениесіне қатысушы әрбір елдің студиясында орындалады. Аралық нөмірлер де Варшавада тікелей эфирде орындалады.
Естеріңізге сала кетейік! Таулы Қарабақ аумағындағы соғыс қимылдары 27 қыркүйекте басталды. Армения мен Әзірбайжан бір-бірін соғыс қимылдарын бастағаны үшін айыптап отыр, Қарабақ өзінің астанасы Степанакертті қоса алғанда, мойындалмаған республиканың бейбіт елді мекендерін артиллериялық атқылау туралы хабарлайды. Армения соғыс жағдайын және — алғаш рет жалпыға бірдей жұмылдыруды жариялап, Бакуге Анкара белсенді қолдау көрсетіп отыр деп мәлімдеді. Әзірбайжанда ішінара жұмылдыру және бірқатар жерлерде соғыс жағдайы енгізілді. Ресей, АҚШ және Франция басшылары қарсы тараптарды қақтығыстарды тоқтатуға, келіссөздерді алдын ала шарттарсыз бастауға міндеттеуге шақырды.