Армения Қарабақта қаза тапқандар үшін үш күндік аза тұту жариялады

Армения премьер-министрі Никол Пашинян елде Таулы Қарабақта қаза тапқандардың рухына аза тұту жарияланғанын хабарлады. Ол 2020 жылдың 19 желтоқсанында басталып, үш күнге созылады.

Сондай-ақ, қаралы марш Республика алаңынан Ераблур мемориалдық кешеніне дейін өтеді, деп хабарланды.

Таулы Қарабақтағы ұрыс барысында қаза тапқандарды еске алуға арналған үш күндік аза тұту жалпыұлттық болады.

«19 желтоқсанда оғыс қимылдарының аяқталғанына қырық күн болады. 19 желтоқсаннан бастап Арменияда үш күндік аза тұту жарияланады, Республика алаңынан Ераблур мемориалдық кешеніне дейін қаралы марш өтеді, сондай-ақ басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады», — деп атап өтті Пашинян.

Армян билігі Қарабақтағы ұрыс барысында үш мыңға жуық адам қаза тапқанын мәлімдеді, алайда хабар-ошарсыз жоғалғандарды іздеу жалғасуда.

Ресей президенті Владимир Путин, Әзірбайжан көшбасшысы Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинян 9 қарашада Таулы Қарабақтағы соғыс қимылдарын толық тоқтату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Келісімдерге сәйкес, әзірбайжан және армян тараптары басып алған аймақтарында қалады, ал аймақта ресейлік бітімгершілер орналасады. Бұдан бөлек, Әзірбайжанның бақылауына Агдам, Кельбаджар және Лачин аудандары қайтарылды.

Добавить комментарий