Арктика арқылы талшықты-оптикалық кабель тартылады

Еуропалық Одақ Far North Fiber деп аталатын жаңа талшықты-оптикалық кабельдің құрылысына 3 миллион еуродан астам қаражат бөлуді жоспарлап отыр. Кабель ЕО елдерін Жапониямен байланыстыра отырып, Солтүстік Мұзды мұхиттың солтүстік бөлігі арқылы өтеді. Бұған дейін ресейлік «МегаФон» компаниясы да жобаның әлеуетті қатысушысы ретінде қарастырылған болатын, бірақ Ресей өзінің аумақтық сулары арқылы кабель тартудан бас тартуына байланысты компания жобадан шығарылған. Far North Fiber деректерді Тынық мұхиты мен Таяу Шығыс бағыттарынан 20% жылдам жеткізуді қамтамасыз етеді. Құрылыс жұмыстары 2026 жыл аяқталады депф жоспарланып отыр. Сондай-ақ, НАТО мен ЕО маңызды инфрақұрылымға ресейліктерден төніп отырған қауіпке алаңдаушылық білдіріп, осы мәселе бойынша жаңа Нысаналы топ құрды.

Добавить комментарий