Аргентинада инфляция 30 жылдағы рекордтық деңгейге жетті: 100% -дан асты

Indec мемлекеттік статистикалық агенттігінің мәліметінше, Аргентинада 30 жыл ішінде алғаш рет инфляция 100% -дан асты.

Ақпан айында елде баға 6,6%-ға өсті, ал жылдық көрсеткіш 102,5% болды.

Бұған орталық банктің көп ақша басып шығаруы, сондай-ақ Украина аумағында әскери іс-қимылдары себеп болып отыр.

Қазіргі президент лауазымына кіріскелі бері алғашқы үш жылда айналымдағы ақша саны төрт есеге артты. Аргентина инфляция қарқыны бойынша әлемде бесінші орында тұр.

Precios Justos немесе «Әділ бағалар» мемлекеттік бағдарламасы желтоқсанға дейін 1 700-ден астам тауардың бағасын уақытша ұстап тұр, алайда бұл бағаның өсуін тежемемеді.

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) 44 миллиард доллар болатын ынтымақтастық бағдарламасын ұзарту үшін Аргентинаны инфляциямен күресті күшейтуге шақырды.

Осы айда Аргентина ХВҚ-дан шамамен $5,3 млрд алуы тиіс, алайда кредитордың атқарушы кеңесі бұл соманы беруді әлі мақұлдаған жоқ.

Добавить комментарий