Аргентинада бір компонентті ресейлік «Спутник Лайт» вакцинасының тиімділігін бағалауға бағытталған зерттеу жұмыстары аяқталды.
Аргентинада ресейлік бір компонентті «Спутник Лайт» вакцинасының тиімділігін зерттеу жоғары нәтиже көрсетті: препараттың бустерлік екпеден күшті иммундық жауап қалыптасты. Бұл туралы Ресей тікелей инвестициялар қоры (РТИҚ) жүргізетін «Спутник V» ресми Twitter-аккаунтында айтылған.
Аргентинада РТИҚ-ның қолдауымен жүргізілген әлемдегі алғашқы құрама зерттеу жұмыстары осындай нәтиже көрсетті. Бұдан басқа, Moderna компаниясының препаратының бустерлік екпесі күшті иммундық жауап қалыптастырады.
Бұған дейін Н.Ф. Гамалеи атындағы Эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы «Спутник Лайт» бір компонентті вакцинасы — Ресейде коронавирустың кең таралған «дельта» штаммына қарсы тиімділігі 70 пайызды құрайтынын хабарлаған.
Сонымен қатар, «Спутник Лайт» Аргентинада егде жастағы адамдардың арасында 80 пайыз тиімділікті көрсетті.