БҚО-дағы демалыс орындарының бірінде бес жасар бала суға батып кетті. Бала су айдынында шомылып жүрген, ал оның ата-анасы жағажайдан 50 метр қашықтықта орналасқан дәмханада отырған.
Оқиғаның егжей-тегжейі
«28 шілдеде кешке Қазақстанның батысындағы Жайық ауылындағы демалыс базасында бес жасар бала суға батып кетті. Бұл кезде баланың ата-анасы мен туыстары жазғы дәмханада отырған, деп хабарлайды Zakon.kz.
БҚО ТЖД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бала жағажайға ата-анасымен және туыстарымен барған.
Бала суға жүзетін дөңгелекпен жүзіп жүрген. Бұл кезде баланың ата-анасы мен туыстары жағадан 50 метр қашықтықта орналасқан жазғы дәмханада болған. Бала жоқ екенін аңғарған олар оны іздеуге кіріседі. 40 минуттық іздестіру жұмыстарынан кейін жағажайдағы құтқарушылардың бірі баланың денесін тапты», — деп хабарлады БҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға болған жер суға түсуге арналып жабдықталған.