Биыл қараша айында Еуропада ең көп сатылған Tesla Model Y электромобилі болды
Бұл туралы 30 желтоқсанда Autoevolution басылымы хабарлады.
Биыл күздің соңғы айында Tesla еуропалық нарықта 19 144 Model Y кроссоверін сатты, Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 260%-ға артық. Tesla Model Y 2022 жылдың қарашасында 18 746 және 17 309 дана сатылған Dacia Sandero және Toyota Yaris сияқты нарықтағы бестселлерлерден асып түсті.
Сонымен қатар, басылым биыл қазан айында Tesla Model Y-дің Еуропадағы сатылымы соншалықты аз болғаны соншалық, бұл модель әлемнің осы бөлігінде ең көп сатылған 50 автокөліктің қатарына кіре алмағанын еске салды. Tesla өкілдері Model Y 2022 жылдың қорытындысы бойынша Еуропадағы топ-10 көліктің қатарына кіру мүмкіндігі аз екенін түсінеді.
2022 жылғың 11 айының қорытындысы бойынша Еуропада ең көп сатылған көлік Peugeot 208 болды. Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында оны 193 743 адам сатып алған.
24 желтоқсанда америкалық электрокар өндіруші Tesla Шанхайдағы зауытта өндірісті тоқтатқаны белгілі болды. Зауытт өкілдері таңғы ауысым тоқтатылып, қызметкерлер жаңа жылдық демалысқа кете берсе болатынын жариялады. Компания неліктен мұндай шешім қабылданғанын айтпады.