Арал өңірінде көлдердегі су деңгейінің көтерілді. Мал сүйсіне жейтін шөптер өсе бастады. Алдағы төрт-бес жылда мал азығынан тапшылық болмайды деп болжануда.
Қызылорда облысының Арал ауданында 30 жыл бойы су болмаған Қамбаш пен Ақшатау көлдері толды. Бұл құрғақшылықпен күрес шараларының нәтижесі, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.
Биылғы жылы көлдер толып, жауын-шашынның көп болуына байланысты Арал өңірінде жусан 22 см дейін өсті, Бұдан басқа, қоңырбас шөбінен бастап, жусан, жоңышқа, тіпті жабайы жуа мен саңырауқұлақта қаулап өсті. Жергілікті тұрғындар алдағы төрт-бес жылда мал азығынан тапшылық көрмейміз деп отыр.
«Биыл Арал ауданында 15 су ұңғымасын қазу жоспарланған. Бүгінге дейін төртеуінен су шығып тұр», — деді облыс әкімдігі.
Соның бірі Жақсықылыш ауылына жақын жерден іске қосылды. Тұщы су 160 метр тереңдіктен шықты.