Қара зең Мысырға жетті, жеті адамнан осы ауру анықталды

Мысырда бірнеше адамға мукормикоз (қара зең) диагнозы қойылды, дәрігерлер осы аты жаман ауруды жұқтырған жеті оқиға туралы мәлімдейді.

Бұған дейін ауру Үндістанда өршіген болатын. Дәрігерлер инфекция миға өтіп кетпеу үшін жұқтырған науқастардың көзін алып тастауға мәжбүр болды.

Елдің солтүстігіндегі Заказик университетінің ректоры Осман Шаалян мукормикоз ауруы (қара зең) Мысырда да анықталғанын айтты, деп жазды «Әль-Ахрам» басылымы.

Ректордың айтуынша, емделіп жатқан медициналық мекемеде науқастардың барлығы аурулардың салдарынан тұрғындардың иммунитеті әлсіреген, соның ішінде коронавирусқа қайта шалдыққан Шарқия провинциясында тіркелді.

«Жұқпалы ауруға шалдыққан үш адамға қара зеңмен зақымдалған мүшелерді алу бойынша ота жасалды, біреуі өте ауыр халде, қалғандарының жағдайы тұрақты», — деп мәлімдеді ректор.

Қара зең жерде, шаң мен органикалық деградация өнімдерінде болуы мүмкін. Адам ағзасына көбінесе саңырауқұлақ өкпені жасанды желдету аппараттары арқылы түседі.

Сарапшылардың мәлімдеуінше, қара зең қарқынды терапия бөлімінде жатқан және ұзақ уақыт гормондар немесе жасанды желдеткіште жатқан науқастардан да анықталды. Ауру қант диабетімен ауыратын адамдарға, сондай-ақ аурумен күрескеннен кейін иммунитеті төмендегендерге, атап айтқанда коронавируспен ауырғандарға үлкен қауіп төндіреді.

Үндістанда билік 11 мыңнан астам мукормикоз ауруының анықталғанын мәлімдеді.

Бұған дейін үнді дәрігерлер алғаш рет адамнан үшінші саңырауқұлақ түрін тапқандарын мәлімдеді — Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы дәрігер науқастардың бірінен бірден қара зеңнің үш түрі — сары, қара және ақ табылғандығын хабарлады.

Добавить комментарий