Қарағандыда 500 адамға арналған той өткізілген мейрамхананың иесі мен оның ұйымдастырушысына карантиндік шараларды бұзғаны үшін айыппұл салынды
«Arista» мейрамханасының иесіне 670 мың теңге, ал іс-шараны ұйымдастырушы — 87 мың теңге айыппұл төлейді.
Бұл туралы Қарағанды облысының СЭББ баспасөз қызметі хабарлады. Қазіргі уақытта Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы шектеу талаптарын бұзғандарға қатысты әкімшілік іс қозғау бойынша жұмыс жүргізуде. «Arista мейрамханасында бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырғаны, өткізгені және ұйымдастырғаны үшін ҚР ӘҚБтК 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, оған сәйкес жеке тұлғаларға — 30 АЕК (87 510 теңге), кәсіпкерлік субъектісіне — 230 АЕК (670 910 теңге) көлемінде айыппұл салынады», — деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ, ведомствода атап өткендей, өңірдің жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысы Қалел Мақсұтов ұйымдастырушы болуы мүмкін қыз ұзату тойын өткізу фактісінеқатысты арнайы тексеру жалғасуда. Тексеру аяқталғаннан кейін ғана қонақтардың арасында басқа да шенеуніктер бар-жоғы белгілі болады. «Біздің облыс «қою-қызыл» аймақта тұр. Бір айдан астам уақыттан бері КВИ-ге қатысты эпиджағдай тұрақсыз. Осыған байланысты адамдар көп жиналатын іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, мерейтойлық іс-шараларға, оның ішінде үйде ұйымдастыруға, өткізуге және қатысуға тыйым салынатынын еске саламыз. Кәсіпкерлер мен облыс тұрғындарын барлық карантиндік шектеулерін сақтауға шақырамыз! Еске сала кетейік, 7 тамызда Қарағандыдағы Arista мейрамханасында екі іс-шара өткізілгені анықталды. Мейрамхананың кіші залында 50-ге жуық адам сүнде той тойлап жатты, ал үлкен залда 350-ге жуық адам ұзату тойын өткізіп жатқан. Болжам бойынша, екінші бұқаралық шараны ұйымдастырушы Қарағанды облысы жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарған Қалел Мақсұтов болуы мүмкін. Әлеуметтік желілерде туындаған резонанстан кейін аймақ әкімі Жеңіс Қасымбек оны қызметінен босатты.