Қарағанды облысы Шахан кентінің қарттар үйінде коронавирус инфекциясының өршуі тіркелді. Коронавирустық инфекцияға 70 қария шалдыққаны туралы хабарланды.
Бұл фактіні аймақтың денсаулық сақтау басқармасы растады. Қазір дәрігерлер қарттарға көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Науқастардың жағдайы тұрақты. Бұдан басқа, мекеменің 26 қызметкерінен COVID анықталды.
Инфекцияның таралуын болдырмау үшін санитарлық дәрігерлер ғимаратты зарарсыздандырады. Ауру жұқтырғандардың барлығын өкпе тексеріледі. Қариялардың КВИ-ді қалай жұқтырғаны әзірге белгісіз. Қарттар үйі наурыз айынан бері карантинде.
Індеттің өршуіне байланысты Шахан ауылында шектеулер енгізілуі мүмкін. Блок-бекеттерді қоюы ықтимал.
«Бүгінгі таңда ошақ оқшауланды. Байланыста болған адамдар шеңбері орнатылған. Мекемеде дезинфекциялық өңдеу жүргізілді. Инфекциялық стационарлардағы барлық науқастарға қажетті ем көрсетіледі», — деп хабарлады Қарағанды облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі Айгүл Шатекова.