Қарағандыда полиция қызметкері жаралақат алды

Қарағандыда полиция қызметкері жарақат алды. Бұл жергілікті тұрғынға қарулы шабуыл жасамақ болған күдіктілерді ұстау бойынша жедел іс-шара жүргізу кезінде орын алды.

Қарағанды облысы ПД мәліметі бойынша, 23 қыркүйек күні сағат 11:30 шамасында белгісіз біреулер жергілікті тұрғынға қастандық жасамақ болып, көлікпен қашып кеткен.

Полицейлер шабуыл жасағандардың көлігін Қарағанды қаласының шетінен тапты. Күдіктілердің бірі қару қолданып, оның ізінен қуған полиция қызметкерлерінен қашып кетпек болған. Күдіктілердің бірін ұстау барысында жедел уәкілді жарақаттаған.

«Аталған факт полицияда тіркелді, оқиғаның мән-жайлары анықталуда. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар адамдарды ұстау бойынша шаралар қабылдануда», — деп хабарлады полициядағылар.

Добавить комментарий