Қарағандыда колония бастығының бұрынғы орынбасары алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Қарағандыда АК-159/9 колониясы бастығының бұрынғы орынбасарына қатысты үкім шығарылды. Қазыбек би аудандық соты оны алаяқтық пен пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп тапты.

Соттың мәліметінше, бұрынғы әділет подполковнигі антты бұзып, сотталғандардың бірінің ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденген. Ол оған 3,5 миллион теңге берсе бостандыққа шығаратынын айтып уәде берген. Бұл ақша мәселені шешу үшін лауазымды тұлғаларға арналған деп болжанған.

Сотталған адам өзінің босатылуын күтпей, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінді. Әділет подполковнигіне қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды: 190-баптың 3-бөлігінің 1-тармағы «Алаяқтық» және 28-баптың 4-бөлігі, 367-баптың 2-бөлігі «Пара беруге арандату».

«Прокурор сотталушыны 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Қорғаныс жағы ақтауды сұрады. Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, сараптама қорытындыларымен дәлелденеді.

Сотталған адам өз жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейтін болады. Сондай-ақ сот оны өмір бойы мемлекеттік қызметте қандай да бір лауазымдарды атқару құқығынан және «әділет подполковнигі» арнайы атағынан айырды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қарағандыда тергеу изоляторы бастығының бұрынғы орынбасары сотталған болатын. Онымен бірге Қазыбек би аудандық сотында Қарағанды облысы бойынша AK-159/5 ҚАЖД мекемесінің кадр саясаты тобының экс-инспекторы және оның досы 37 жастағы заңгер болды.Қазыбек би аудандық соты экс-офицерлерді 3 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды, ал олардың көмекшісіне 1,6 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

 

Добавить комментарий