Қарағандыда бес қабатты тұрғын үйдің қабырғасы қақ айырылды

Қарағанды облысында бес қабатты тұрғын үйде үлкен жарықшақ пайда болды. Сарапшылар үйдің жай-күйі мен оның апаттық жағдайының дәрежесін бағалайды.

Қарағанды облысы Сарышаған ауылында 60 отбасы сараптама нәтижелерін асыға күтуде.

Ауыл тұрғындары тұрғын үйді інжір деп атайды. Бес қабатты ғимарат жаңа піскен жеміс сияқты екіге қақ айырылды. Бетон блоктардан жиналатын біртипті үй 1978 жылы салынған. Кентте осындай тағы бірнеше үй бар.

«Өздеріңіз көріп отырғандай, үй екіге қақ айырылайын деп тұр. Біз өмір сүргіміз келеді. Егер үй құласа, онда біз үй-күйсіз қаламыз. Оған кім жауап береді?», — дейді Сарышаған кентінің тұрғыны Гүлфариза Түсіпбекова.

Бес қабатты ғимарат 2006 жылы қақырай бастады. Сол кезде оны тексеріп, үйді айналдырып темірмен тартқан. Соған қарамастан қабырғалары қайысып барады. Тұрғындардың кенттің маңында әскери полигон бар екенін айтты.

«Олар бізге оқу-жаттығулар өтіп жатқанын, аспанға оқ атылатынын түсіндірді. Снаряд жерге түсіп жарылады. Әр снаряд жарылған сайын үй дірілдейді. Оған қоса жол жөндеп құрылыс компаниялары да бар. Олар асфальт төсеуде, жер қатты болғандықтан оны атады. Мұның бәрі әсер етеді», — деді Әлима Әмірова.

Жуырда үйді сараптау комиссиясы тексерді. Оның қорытындысы осы аптада дайын болуы керек.

«Егер үй апатты деп танылса, оны бұзу қажет болады. Тұрғындарға жалға берілетін тұрғын үйді ұсынды, бірақ онда ешкім тұғысы келмейді. Бұл жерде бір шешім – үй салу», — деп нақтылады қала әкімі Әнуар Тойымбеков.

Соңғы 30 жылда кентте көпқабатты бірде-бір үй салынбаған. Қазір баспана кезегінде 50 отбасы тұр. Егер тұрғындарды үйге қоныстандыратын болсақ, тағы 60 отьасы қосылады. Мұндай ауқымды құрылысқа аудандық бюджетте қаражат жоқ, деді жергілікті билік.

 

Добавить комментарий