Қарағандыда тұрғын үйдің ауласында жазатайым жағдай орын алды. Хабарланғандай, 22 маусымда Қарағанды қаласының тұрғыны Мұқанов көшесіндегі № 24 үйдің ауласында келе жатқанда, оның үстіне құраған ағаштың бұтағы құлады.
Тұрғындардың айтуынша, олар әкімдіктен бірнеше мәрте ауладағы барлық құраған ағаштарды кесіп тастауды, сондай-ақ аула аумағын жарықтандыруға және балалар үшін жаңа ойын алаңын салуды сұраған. Бірақ өтініштері еленбеді.
«Мұқанов көшесі, 24 мекенжайы бойынша тұрғын үйдің ауласында қайғылы оқиға орын алды. Құраған ағаш көшеде кетіп бара жатқан әйелдің үстіне құлады. Әйел жедел жәрдем келгенге дейін ұзақ уақыт бойы есін жимастан жатты. Әкімдік біздің ауламызды көрмейтін немесе байқамайтын сияқты. Аула жарықтандырылмаған, құраған бұтақтар, ағаштар өте көп… Ауланы жарықтандыру, балалар үшін ойын алаңын салуды сұрап бірнеше мәрте жүгіндік. Тұрғын үйдің аула өте нашар жағдайда, бірақ бізге ешкім құлақ аспайды», — дейді аула тұрғындары.
Қарағандылық әйел есінен танып қалған, оны жедел жәрдем бригадасы келгенде есін жиған. Ол ауруханаға жеткізілді.
Сондай-ақ құлаған ағаш кіре берісте тұрған көлікке құлап, зақым келтірген.
Қарағанды облысының полиция департаменті жазатайым оқиғаға қатысты:
«22 маусым күні сағат 16:15 шамасында Мұқанов көшесіндегі № 24 үйдің ауласында құраған ағаш Mersedes маркалы көліктің және 48 жастағы қала тұрғынының үстіне құлады. Нәтижесінде әйел медициналық көмекке жүгінді. Көлікке механикалық зақым келтірілді. Аталған факті полицияда тіркелді».