Қорғаныс министрлігінде 2021 жылы әскерге барудан қашып жргендер туралы айтты. Әскерге шақыру жасындағы жастарды жұмыста отырған жерінен алып кетіп жатыр.
Қарағандыда әскерге шақыртылғандардын аналары наразылық танытуда. Ата-аналарының айтуынша, балаларын жұмыстан, тіпті ауруханада жатқан жерінен алып кетіп жатыр. Ал жігіттерді жинау пункттен бірден әскерге жіберуде, тіпті жақындарымен қоштасуға мрша бермеуде. Бұл ретте кейбір жігіттердің ата-анасы баласын медициналық куәландыру бойынша әскерге жарамсыз деп отыр.
Ата-аналарды егер олар облыстық жинау пунктінің қақпасынан шығып кететін болса, оларды кері кіргізбейміз деп ескертті. Сондықтан журналистерге аздаған адам келді. Ата-аналарының бірінің айтуынша, ұлдарын көшеден, тіпті ауруханада жатқан жерінен алып кетіп жатыр.
Қорғаныс департаменті биыл Қарулы Күштерде сарбаздар жетіспеуде екенін айтып отыр, бірақ нақты санды келтірмеді. Әскерге шақырту қағазын таңертең ерте және кешкісін апарады, соған қарамастан әскерге шақырылушылар үйде болмайды. Оларға sms хабарлама жолданады. Кейде ата-аналардың өздері ұлын жасырып, сондықтан да оларды іздеуге тура келеді. Әскери комиссариаттағылар жастардың көбінесе мемлекеттік қызметте немесе құқық қорғау органдарында жұмыс істеу үшін отан алдындағы борышын өтегісі келетінін, бірақ оларды ата-анасы жібермейтінін айтады.
«Өз басын ойлайтын ата-аналар болады. Өйткені олардың (ұлдары — Авт.) атынан несие алып тастаған. Жігіттер 18-де, ешнәрсеге қабілеті жоқ. Олар өмір бойы анасының қолында болама?», — дейді Қарағанды облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Мұхтар Қайшатаев.
Әскери комиссариаттағылар қазір әскери бөлімшелерде ұрып- соғу деген мұлдем жоқ деп отыр. Жақсы тамақтандырады, ас үйде кезекшілік жоқ, ешкімді еден жууға мәжбүрлемейді — тазалаушы әйелдер бар. Жас жігіттер әскерде бір жыл болады, сол уақытта қолға қарұ ұстауды йреніп, жаңа достар табады.
Ата-аналарымен әңгімелескен соң, көбісі келісімін беріп, балаларын әскерге жібереді, дейді әскерилер. Бірақ жарты жылда бір рет әскерге шақырту жргізіледі, және мұндай жанжалдар бірінші рет болып отырған жоқ, әлі де бола береді.