Қарағанды облысы Ағадыр кентіндегі Ермеков атындағы орта мектептің аумағындағы спорт залы мен асхана ғимараты қирап қалды.
Құрылыс басқармасының басшысы Мұрат Мағзиннің хабарлауынша, «Ер-Қанат Сервис» құрылыс компаниясы бірнеше мәрте жұмыс кестесінің кешігуіне жол берген, сондай-ақ материалдардың сметалық құжаттамада көрсетілген маркаларға сәйкес келмеуіне байланысты бұзушылықтар анықталған.
Мердігермен келісім шартты біржақты түрде бұзылды, қазір құрылыста жаңа мердігер жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланып, өңір тұрғындарының ашуын тудырды.