Қарағанды облысында жаңа аурухана салынуда

Қарағанды облысының әкімі жаңа аурухананың құрылысы туралы айтып берді. Жеңіс Қасымбек брифинг барысында облыста төрт стационарды қайта құру жұмыстары аяқталғанын еске салды.

Қазан айына дейін Абай, Балқаш, Теміртау, Шахтинск қалаларындағы жұқпалы аурулар ауруханаларының жөндеу жұмыстары аяқталады. Жезқазғанда 200 төсектік модульді жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды. Қазан айында бұл нысанды тапсыруды жоспарлап отырмыз. Ауруханаларды медициналық техникамен жарақтандыру жалғасуда. 192 ИВЛ аппарат бар. 1500 оттекті концентратор, 645 пульсоксиметр. Қазан айына дейін 500 оттегі концентраторы мен 1500 пульсоксиметр және 150 ИВЛ аппарат жеткізіледі, — деп хабарлады Қасымбек.

24 объектіде медициналық газдарды, оттегіні берудің орталықтандырылған жүйесі орнатылады. «Қазан айына дейін Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш, Қарағандыда тағы 5 компьютерлік томография орнатылады», — деді әкім.

Біз 40 заманауи сандық рентген аппаратын сатып аламыз, «Сарыарқа» ӘКК базасында дәрі-дәрмектер бойынша тұрақтандыру қоры құрылды, қазір онда дәрілердің 1,5 айлық қоры сақтаулы. Біз оны 2-3 есеге ұлғайтатын боламыз, — деді облыс басшысы.

Сонымен қатар, Қасымбек тұрғындарға жұқтырудың күрт өсуіне және жаңа карантинге жол бермеу үшін сақталуы тиіс алдын алу шараларының маңыздылығын еске салды.

Пандемия алдағы айларда ешқайда кетпейді, маскаларды киіп жүру, әлеуметтік қашықтықты сақтау, бұқаралық іс-шаралардан бас тарту, жеке гигиена — өте орынды және маңызды. Ауру жаңа, біз ол туралы көп нәрсе білмейміз. Сарапшылардың бағалауынша, КВИ таралуы күзгі-қысқы кезеңде ушығуы мүмкін, сондықтан біз қазір ықтимал екінші толқынға белсенді дайындалып жатырмыз, — деді ол.

Сондай-ақ, әкім «қиын кезеңге қарамастан, тәртіп, өзін-өзі ұстау және ұстамдылық танытқандарға алғысын білдірді.

Добавить комментарий