Қарағанды облысында ұнды көтерме саудада сатушылар сөз байласып бағаны көтергені анықталды.
Көтерме саудагерлер бағаны бір мезгілде көтерді.
Қарағанды облысында ұнның көтерме саудада сатушылардың сөз байласқаны анықталды. Талдау 2021 жылдан бастап биылғы ақпанға дейін жүргізілді, деп хабарлады Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің сайты.
«Зерновая компания «Сункар и К» ЖШС, «Карагандинский мелькомбинат» ЖШС, «Атамекен Компани» ЖШС, Фирма «Акнар» ЖШС бір мезгілде 1-сұрыпты бидай ұны бағасының көтерілу белгілерін көрсетті.. Монополияға қарсы орган компанияларға бұзушылықтар жою туралы хабарлама енгізді» , — деп хабарлады агенттікте.
Хабарламаны орындау мерзімі 30 күнді құрайды, егер орындамаған жағдайда тергеу тағайындауы мүмкін.