Қарағанды облысында браконьер екі киікттің өлексесі тәркіленді

Қарағанды облысының полиция қызметкерлері ер адамды ұстады. Оның мотоциклінен екі киіктің өлексесі табылды.

«4 тамызда Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Сағат 17.00 шамасында Ералиев ауылы маңында келе жатқан «Иж» мотоциклі олардың назар аударына ілікті. Полицейлер аталған көлік құралын басқарған 30 жастағы ер адамды ұстады. Тексеру барысында мотоцикл арбасынан екі киіктің өлексесін және тіркелмеген аңшы мылтығын тәркіледі», — деп хабарлайды жексенбі күні Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ҚР ҚК 339-бабының 1-бөлігі (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Добавить комментарий